Сейітқали ақсақалды дүйім жұрт көгілдір экран арқылы оның тағылымға толы әңгімелерімен жақсы таниды. Алпыстың жетеуінен асқан атамыздың ұрпақ тәрбиесіне, дін саласына сіңірген еңбегі зор. Қимылы шапшаң қария әлі күнге дейін спорттан қол үзген емес. Ғұмырының жартысын әскери қызметке арнағанымен, бүгінгі таңда ислам құндылықтарын насихаттап, имандылық жолында қызмет атқарып келеді. Жамбыл ауданында дүниеге келген Сейітқали Ыбытаев …
Коронавирустық инфекциядан кейін оңалту өту үшін ең алдымен өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың кеңесіне жолдама береді. Білікті мамандар жағдайды бағалап, қалпына келтіру бойынша қажетті курсын таңдайды. Мұндағы негізгі емдік шаралар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Егер де …
Дүниежүзін дүрліктіріп, әлем халқын үрейлендірген коронавирус індеті біздің елімізден де айналып өтпегенін өздеріңіз білесіздер. Аты жаман кеселдің кесірінен сырқаттардың саны артып, талай жандар бұл өмірмен қош айтысып жатты. Індеттің ізін жоғалтып, онымен күресетін жалғыз қару – екпе салдыру деп ойлаймын. Оны алдымен, әу баста денсаулықтың сақшысына айналған медицина қызметкерлері алғаны белгілі. Қазіргі таңда ерікті түрде …
Дәрігерлер коронавирус инфекциясының таралуын тежеудің бір ғана жолын ұсынып отыр. Бұл – вакциналау. Мен де бұл іске азаматтық борышпен қарап, екпе алуды шештім. Негізінде, бір нәрсені білген жөн. Вакцина емдемейді, ол аурудан қорғайды. Қабылдаған күні, дәрігерлер ескерткендей дене қызуым кішкене көтеріліп, мазасыздандым. Алайда, бұл жағдай көпке де созылмады. Медбике айтқан дәріні ішкеннен кейін, шамамен 2-3 …
Бір жылдан астам қазақстандық дәрігерлер COVID-19 індетімен арпалысып, науқастардың өміріне араша болып келеді. Ел ішінде инфекция тарағалы жұқпалы ауру зәре-құтымызды қашырып, қаншама адамдарды ортамыздан алып кетті. Ауру асқынғанмен оған қарсы шара жоқ. Қазіргі таңда вакцина салдыру арқылы ғана бұл инфекцияны арамыздан алыстата аламыз деп ойлаймын. Сырқатты жеңудің бірден-бір амалы да осы шығар. Мұндай маңызды әрі …
Еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көңіл қуантарлықтай емес. Медицина қызметкерлері барын салғанымен, ауруға түгелдей төтеп беру мүмкін болмай жатқаны белгілі. Науқастардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Менің ойымша, жаппай тараған дерттің ушығуына тосқауыл болатын жалғыз жол – вакцина. Аурудың алдын алатын, сақтанудың амалы болып саналатын екпе алуды мен де қолдаймын. Жауапкершілікті мойныма алып, …
Бүгінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар ауданда жүйелі жүргізілуде. Кәсіпкерлікті қолдау мен жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар нысандар ашылып, бизнес өкілдерінің саны артқан. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланғанның бірі — Қаскелең қаласының тұрғыны Жұлдыз Каирдинова. Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдағы көрсеткіш бойынша …
Ах,Самардың қаласы-ай, Жүрекке жай таптырмас. Жай таппаған жүректің Өзің тап та дертін бас! – Орыс халқының осы – «Ах, Самара, городок» атты тамылжыған тамаша әні айтылғанда, оның әсем әуені мен сұлу сезімге толы сөзіне ерекше елтіп, теңіздей тербелген көрермен көпке дейін Роза апамызды сахнадан жібермей қойды, – деп бастады әңгімесін Ерлан ініміз. – Оның алдында …
Проживающие в селе Алмалыбак Карасайского района Асан Итенов и его дочь Инкар Абитай приняли участие в традиционном Алматы марафоне «Герой локации». Казалось бы, что тут такого? Но дело в том, что Асан бежал, везя перед собою Инкар в инвалидной коляске. Вот они настоящие герои, умеющие преодолевать испытания и трудности, выходить из них победителями. – Для …
Көктем айында ауа райына байланысты пайда болатын өрттің алдын алуға үлкен мән беріліп, соған байланысты үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Ауданымыздың төтенше жағдайлар бөлімі де осындай жағдайлардың орын алмауы үшін өткен аптада рейд өткізіп, қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күн жылып, көктем шыққалы аудан тұрғындары тазалық жұмыстарына кірісті. Бірақ, шөп пен қоқысты өртеймін деп, бұл іске …