(Окончание. Начало в № 20 за 17 мая 2019 года). (Часть вторая) В продолжение рассказов о нашем городе Каскелене и каскеленцах уважаемый ветеран Великой Отечественной войны Михаил Дмитриевич Скударнов вспомнил еще немало интересных фактов и событий. Его первой школьной учительницей, к примеру, была Мария Фадеевна (ее фамилии, к сожалению, он уже не помнит). В первом классе …
Жуырда «Анаға құрмет» музейінде Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Адам.Дәуір.Медицина» журналының бас редакторы, аталмыш мұражайдың ғылыми кеңесшісі Аршагүл Тойбайдың «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрген «Даланың дана арулары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Оқырманға жол тартып отырған бұл жаңа жинақ аты айтып тұрғандай, Ұлы даланы мекен еткен ежелгі халқымыздың сонау алыс ғасырлар тұңғиығынан бергі әр кезеңде өмір …
Ұлтымыздың ерекшелігін айқындайтын, қазақтың қанына біткен көне дәстүрдің бірі – құсбегілік екенін көбісі біле бермейді. Саятшылықты серік еткен көшпенді ата-бабаларымыз осы өнердің мәдениет жолында маңызы жоғары екенін тарихқа таңба басқандай аманат етіп кеткен. Алайда, бағзы заманнан келе жатқан дәстүрлі өнердің қыр-сыры көптің көңіліне қона кетуі екі талай. Себебі қырағы қыран құстардың бабын тауып, байланыс орната …
Елбасымыз биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екенін айтқан болатын. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде еліміздің әр аймағында ашылып жатқан фронт-офистерді де айтуға болады. Жақында біздің аудандық полиция басқармасы жанынан да аталған фронт-офис ашылып, аудан халқына тиісті қызметін көрсетуде. Полиция жұмысының ашықтығын көрсететін бұл …
Дүйсенбі күні аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, оның жұмысын кеңес төрағасы С. Мәсімақынов жүргізіп отырды. Күн тәртібі бойынша Сағат Ұлтарақұлы алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзі жайында жан-жақты баяндап, осы орайда баса мән берілетін аса маңызды он бағыт туралы кеңінен әңгімеледі, олардың нақты жүзеге асырылуы халықтың тұрмысын …
Ұлт болашағы, тәуелсіздік тұтқасын берік ұстайтын, еліміздің ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын – жастар. Сондықтан да мемлекетімізде жастардың мәселесіне қашанда ерекше назар аударылып, үлкен ықылас танытылады. Таяуда Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өткені белгілі. Онда Мемлекет басшысы еліміздің дамуына және халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің көтерілуіне бағыттылған он бағытын …
Таяуда ғана жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ресми қызметіне кірісу рәсімінде көптеген маңызды мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Оның ішінде бесінші бағыт ретінде, яғни, тұрғын үй мәселесін шешуді де қолға алуды тапсырғаны белгілі. Онда ол түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударатынын айтып, алдағы уақытта бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұрғанын …
Мемлекет дамуындағы ең басты қадамдардың бірі – білім сапасы. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей болуы үшін кейде жаңа өзгертулер енгізіліп отырады. Бұл ретте он бір жылдық білімнің нәтижесін көрсететін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында да өзгертулер болып, биыл ауданымыздың талапкерлері де ҰБТ-ны өзгеше сынақ түрінде тапсырды. Өздерінізге белгілі болғандай биыл …
Аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Ренат Кенеев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 1-тармағына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімі болып 2019 жылдың 26 маусымынан бастап тағайындалды. Округ ауданымыз-дағы күре жолдың бойында орналасқан, әртүрлі саладағы үлкен кәсіпорындары бар округ ретінде ерекшеленеді. Жуырда аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Елтай ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа …
Тосыннан келген қиындыққа тап болған Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуға жетісулықтар да жедел жұмылды. Осы аптадағы сәрсенбінің сәтті күнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен арыстық ағайынға арналып Жетісу өңірінен жиналған алғашқы гуманитарлық көмектің 8 жүк машинасынан құралған керуені Түркістан облысына аттанды. Қиын сәттерде халықтың бірлігі бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар үшін аса …