Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, атап айтқанда, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.
Осылайша халқымыз сандаған ғасырлар бойы аңсаған, армандаған бостандығына қол жеткізді.Содан бері азат ел атанып, алғы күндерге қарай қарышты қадаммен басып келеміз.
Осы тәу етер тәуелсіздігіміздің басында әлемдік деңгейдегі тұлға Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Тұңғыш Президентіміз әлі күнге дейін тәуелсіз мемлекетімізді байыпты басқарып, оның әлем алдындағы абыройын арттырып, беделін көтеріп келеді.
Бүгінде егемен еліміз дүниежүзілік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алған, өркениет биігіне бет алған мемлекет. Ал, оның бас қаласы – Астана әлемдік мәнді мәселелер жиі талқыланатын маңызды қалаға айналып отыр. Республикамызды мәдениеті өсіп, экономикасы дамыды. Әлеуметтік сала алға басуда. Әртүрлі реформалар оңды жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар орнымен жүзеге асырылуда.
Осының бәрі де Тәуелсіз елімізге деген, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлына деген құрметімізді арттырып, бойымызда үлкен мақтаныш сезімін тудырады.
Тамаша мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!
Айдын САУДАНБЕКОВ,
Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.