Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды кезеңдердің бірі – жаңа Конституция аясында өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы.
Бұл сайлау – тек дауыс беру рәсімі ғана емес, әр азаматтың мемлекет дамуына деген көзқарасы мен жауапкершілігін білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан әрбір тұрғын бұл үдеріске бейжай қарамай, өз таңдауын саналы түрде жасауы қажет.
Қоғамдық кеңес әрдайым ашықтықты, әділдікті және азаматтардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын қолдайды. Елдің дамуы мен тұрақтылығы әрқайсымыздың азаматтық белсенділігімізге тікелей байланысты.
Сайлауға қатысу – тек құқық емес, сонымен қатар болашаққа деген жауапкершілік. Бүгін қабылданған әрбір шешім ертеңгі қоғамның келбетін қалыптастырады.
Баршаңызды алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіруге шақырамын. Ортақ мақсатымыз – әділетті, жауапты және өркендеген Қазақстанды бірге құру.
Жанат Исағұлов,
Қарасай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

