Алда жаңа Конституция аясында өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы тұр.
Мен үшін бұл – белгілі бір үміткерді қолдау мәселесі ғана емес. Бұл – әр азаматтың өз еліне деген жауапкершілігін көрсететін маңызды кезең.
Кейде «Бір дауысымнан не өзгереді?» деген ой туындауы мүмкін. Алайда қоғамдағы оң өзгерістер әрқайсымыздың саналы таңдауымыздан басталады. Уақыт бөліп, кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, өз ұстанымымызға сай шешім қабылдау – азаматтық борышымыз.
Біз әділ, ашық және жауапты қоғам құрғымыз келсе, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуымыз қажет. Әрбір дауыс – еліміздің ертеңіне қосылған үлес.
Сондықтан баршаңызды алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Бұл – тек бүгінгі күн үшін емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін қабылданатын маңызды шешім.
Сағындық Жылқыбаев,
Қарасай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы.

