Ана үшін ең қымбаты – баласының болашағы, елінің тыныштығы мен қоғамның тұрақтылығы. Сондықтан мемлекетіміздің дамуына әсер ететін маңызды шешімдерге бейжай қарамау – әрбір азаматтың парызы деп санаймын.
Жаңа Конституция аясында өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – халқымыздың өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне үлес қосатын маңызды кезеңі.
Біз жастарға жауапкершілік, отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстаным туралы айтып қана қоймай, оны өз ісімізбен де көрсетуіміз қажет. Әрбір берілген дауыс – еліміздің болашағына деген сенімнің және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
«Асыл ана» қоғамдық ұйымы отбасы құндылықтарын, бірлік пен өзара сыйластықты дәріптеп келеді. Осындай құндылықтар қоғамның дамуына әр азаматтың белсенді қатысуы арқылы нығая түседі.
Баршаңызды алдағы сайлауға белсенді қатысып, саналы таңдау жасауға шақырамын. Ертеңгі Қазақстанның қандай болатыны бүгінгі біздің ұстанымымыз бен әрекетімізге байланысты.
Ұлтусын Бархинова,
«Асыл ана» Қарасай аудандық қоғамдық ұйымының төрайымы.

