Қоғамның дамуы әр азаматтың белсенді ұстанымы мен жауапкершілігіне байланысты деп есептеймін.
Алда жаңа Конституция аясында өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – ел өміріндегі маңызды саяси оқиға. Мұндай сәтте әрқайсымыздың пікіріміз бен таңдауымыздың маңызы зор.
Азаматтық белсенділік тек қоғамдық мәселелерді талқылаумен шектелмейді. Ол – ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысу, өз көзқарасыңды білдіру және ортақ іске үлес қосу. Әрбір дауыс – мемлекетіміздің болашағын қалыптастыруға қосылған нақты үлес.
Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде аудан тұрғындарын бейжай қалмай, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Саналы таңдау жасап, азаматтық жауапкершілігімізді бірге көрсетейік.
Біздің бірлігіміз бен белсенділігіміз – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі.
Несіпбала Абдильдаева,
Қарасай аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі.

