Өткен жексенбіде Райымбек ауылдық округінде әкім сайлауы өткені белгілі. Жергілікті халық сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде тұрғындардың басым көпшілігі «AMANAT» партиясы ұсынған Ержас Тоқтасыновқа сенім артты.
Осылайша Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ержас Серғазыұлын Райымбек ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді. Осыған сәйкес сейсенбі күні Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Адис Сайдақматов аталған округ әкімдігіне арнайы барып, аппарат ұжымына, ауылдың белсенді тұрғындарына Ержас Тоқтасыновты таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ержас Серғазыұлының өмірбаяны мен еңбек жолына тоқталар болсақ, ол 1987 жылы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман шаруашылығы ісі» мамандығы бойынша, 2012 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.
Еңбек жолын 2010 жылы заңгер ретінде бастап, әр жыл сайын түрлі мекемеде еңбек етті. Ал 2014 жылы Қарасай ауданы әкімінің көмекшісі болып, мемлекеттік қызмет саласына келді. 2016 жылы Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2017- 2018 жылдары Бірінші Май ауылдық округінің әкімі, 2018-2024 жылдары Шамалған ауылдық округінің әкімі болды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
Өз тілшіміз.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
