Отбасы күніне орай осы аптада Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Сәуле Сұлтанғалиеваның ұйымдастыруымен «Отбасының рухани құндылықтары» тақырыбында студенттер арасында кездесу өтті. Бұл жиынға Қарасай АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Эльмира Есенбаева, Ювеналдық полиция тобының инспекторлары полиция аға лейтенанты Данияр Ахаев және полиция лейтенанты Азамат Мухамедияр арнайы шақырылып, аталған тақырып аясында әңгіме өрбіді.
Кездесудің мақсаты – жастарға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, оның ішінде әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан қорғанудың әдіс-тәсілдері жөнінде ақпараттық, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиын барысында отбасы сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы екені айтылып, оның рухани құндылықтары сөз етілді. Полиция қызметкерлері студенттер қауымына заң аясында кеңестерін беріп, әрбір үй – жеке мемлекет екенін жетікізіп, татулық қашанда биік тұру керектігін түсіндірді.
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы.