Жаңа Конституциядағы некеге қатысты өзгерістер өте дұрыс және маңызды. Неке енді ер мен әйел арасындағы заңды, ерікті және тең құқықты одақ ретінде нақты көрсетілген. Бұл отбасының бірлігін және теңдігін бекітіп, ата-ананың балаларға қамқорлық жасау міндеті мен құқығын нақтылайды. Сондай-ақ, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетті болған жағдайда, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқор болуға міндетті екенін заңда жазу – жауапкершілікті күшейтеді. Мемлекеттің отбасы, ана, әке және баланы қорғауға міндетті болуы өзгеріссіз қалуы елдегі отбасылық құндылықтарды сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты қолдайды деп ойлаймын.
Айжан Айдарбекова,
Елтай ауылдық округі Мәдениет үйінің қызметкері.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
