Жаңа Конституция жобасында некеге қатысты өзгерістер отбасылық қатынастардың мәнін нақтылап, құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Енді неке «ер мен әйелдің арасындағы заңды түрде тіркелген, ерікті әрі тең құқықты одақ» деп сипатталады, бұл отбасыдағы теңдікті ерекше көрсетеді. Сонымен бірге, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың құқықтары мен міндеті болып қала береді, ал кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар өз ата-анасы еңбекке жарамсыз болған жағдайда оларға қамқор болуға міндетті. Мұның барлығы мемлекет тарапынан неке, отбасы, ана, әке және баланы қорғау міндетінің сақталуымен толықтырылады. Осылайша, жаңа өзгерістер отбасылық қатынастардағы жауапкершілікті нақтылай отырып, отбасы институтының тұрақтылығын және балалар мен ата-аналардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.
Акерке Кытайбекова,
Жаңа Шамалған МСАК орталығының психологы
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
