«AZAMATSHA KZ» қайырымдылық қоры аудан бойынша көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға көмек көрсетумен айналысады. Өткен жылдың соңғы аптасында аталмыш ұйымға тіркелген әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балалары қуанышқа кенелді.
Қайырымдылық қор өз тарапынан осы бүлдіршіндерді Қаскелең қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте Жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Мерекелік басқосудың жоғары деңгейде өтуіне Алматы облысының мәслихат депутаты Жанна Жазықбаева, «Россотрудничество» компаниясы, «Рахат» кондитерлік фабрикасы және «Грация» би студиясы қолдау білдіріп, демеушілік көрсетті. Дәл сол сияқты аудандық Жастар ресурстық орталығының белсенділері де бұл мейрамның көңілді өтуіне атсалысты.
Кеш барысында Алматы облысының мәслихат депутаты Жанна Тастемірқызы ата-аналар мен балаларға мерекелік ақ тілегін білдірсе, «AZAMATSHA KZ» қайырымдылық қорының директоры Мадина Саутбекова осындай мерекелік басқосуға қолдау білдірген демеуші жандарға алғысын жеткізді.
Мерекеге орай ұйым-дастырылған шара барысында жоғарыда аталған отбасылардан шыққан 100 балаға сый-сияпаттар берілді. Сонымен қатар, бұл Жаңа жылдық кешке қатыса алмаған мүмкіндігі шектеулі 50 балаға да арнайы сыйлықтар дайындалды.
Санжар АМАНГЕЛДІҰЛЫ.