Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің атынан сынға түскен Ақнәр есімді конькиші қазақ қызы ерекше сұлулығымен көзге түсті.
Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сүйенсек, Ақнәр Ардақ Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде 1999 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Сондай-ақ, Ақнәр Ардақтың жеке өмірі туралы бірқатар деректі блогер Жолымбет Мәкіш парақшасында жазды. Оның сөзінше, Ақнәр Адаққызы Қытайдың Құттыби ауданындағы Тасбаспалдақ дейтін ауылда туған.
Ақнәрдің бойы – 165 см. Конькиші қыз Шыңжаң қыстық спорт түрлерін басқару орталығының атынан Олимпиадаға жолдама алған.
7 ақпанда Ұлттық конькимен жүгіру стадионының «Мұз таспасында» бірінші қысқы Олимпиада ойындарының әйелдер арасында 3000 метрге конькимен жүгіру жарысында қытайлық Ақнар Адаққызы 4:12.28 көрсеткішімен 17-ші орынға ие болды.
«Сіздердің қолдауларыңызға ерекше рахмет айтамын. Қазақстаннан келген достарымның жарыста жақсы нәтиже көрсетуіне тілектеспін», – деп, ана тілінде сұхбат берді Ақнәр Адаққызы.
Ойыннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Ақнәрдің «Көзілдірікті шешіп алғаны қандай әдемі», «Үріп ауызға салғандай», «Әдемі қыз екен», «Қарындасымыздың жолы болсын» деген, тілек, ниеттерін білдірді.
Балжан СИҚЫМБАЙ