Міне, республика халқы біраздан бері күтіп отырған мәнді мәселенің түйіні шешілді. Яғни, елімізде Президент сайлауы белгіленіп, оның өтетін күні де айқындалды.
Атап айтқанда, қазір мемлекетті басқарып отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын өткізу жөнінде қажетті шешім қабылдап, ол жайында қазақстандықтарға мәлімдеме жасауы көңілімізді жайландырады.
Біз осы орайда ол келтірген дәйектемелерді толық түсінеміз, сондықтан да қолдаймыз, қоштаймыз. Өйткені, бүгіннің де, ертеңнің де қамын ойлап, оның жақсы болуына ұмтылатын халық биліктің тұрақтылығын да алдыңғы кезекке қояды. Ал, бұл ретте мемлекетіміздің уақытша емес, тұрақты Президенті болуы тиіс.
Дәл осы мәселе бүгінде барынша қажеттіліктен туындап отырғанын да атап айтуға тиіспіз. Ар жағында ұлттық мүдде жатқанын да ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, аталған жай қазақстандықтардың көкейіндегі сан сауалға да нүкте қоятыны даусыз. Ендеше, егемен елімізді сайлау арқылы халық таңдаған Президенттің басқарғаны дұрыс!
Қазіргі кезде облысымызда, ауданымызда халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне, көп балалы аналардың жағдайына көп көңіл бөлініп, бұл ретте нақты жұмыстар атқарылуда. Осындай көмек, қамқорлық арқылы елдің тұрмыс-тіршілігі, өңірдің демографиялық жағдайы бұрынғыдан да жақсара түсетін үрдісін болашақ Президент те жалғастырады деп сенеміз.
Түйіндей айтсақ, Қ.Тоқаевтың Президент сайлауын өткізу туралы шешімін өте дұрыс деп есептейміз !
Елтай ХАСЕНОВ,
Ұмтыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.