Қандай да бір аймақтың әл-ауқаты, тұрмыстық жағдайы, әлеуметтік жағының жақсаруы сол жердегі әкімнің атқарған жұмысына байланысты. Осы орайда, басшылыққа сайланатын жаңа әкім өзінің атқарар жұмысына сай міндетін де білуге тиісті. Міне, осындай жауапкершілікті сезінер деген мақсатпен кеше аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов Елтай ауылдық округінің әкіміне лайықты үш үміткерді таныстырды. Олардың қатарында Бекжан Абжан, Серік Қамзанов және Эльмира Тасырова сынды мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар азаматтар болды.
Басқосу барысында аудан әкімінің орынбасары Қанат Сабырұлы аталған үміткерлерді жиынға келген көпшілікпен жақынырақ таныстырып, олардың атқарған жұмыстарына да қысқаша тоқталып өтті. Ал, ауыл ақсақалдары мен бір топ тұрғындар жоғарыда аталған азаматтарды жылы қабылдап, болашақ ауыл басшысына қашанда қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Дидар МУХАМАДИЕВ.