Бала бақыт байлығымыз. Осы балапандар үшін жасалынып жатқан игіліктер аз емес. Әсілі, кемел келешегіміз, баянды болашағымыз саналатын балалар үшін қажетті дүниелерді ойластырсақ, ұтылмаймыз. Жақында Республика күні қарсаңында Тасашы ауылдық округіне қарасты Ақтасты ауылында балалар ойын алаңы ашылып, көпшілікті қуанышқа бөледі.
Салтанатты шараға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы арнайы қатысып, тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтады. Аудан басшысы және округ ақсақалдары лента қию рәсімін жүргізіп, шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты. Осы күні ойын алаңы балаларға толып, шашу шашылып, ел жұрт өзгеше қуанышқа ие болды. Балапандар қуанышы ұзағынан сүйіндіре берсін.
Кеген ауданы.