Облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің шыға бастағанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай белгіленген мерекелік іс-шаралардың бірі жер-жерде оқырмандармен жүздесу, пікірлесу еді.
Өткен аптада «Өлке тынысы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам Жанәділов, «Жетісу» газетінің редакция меңгерушісі Қуаныш Тұңғатар, «Огни Алатау» газетінің редакция меңгерушісі Александр Склабовский, осы газеттердің ауданымыздағы меншікті тілшілері Қуат Қайранбаев пен Танзиля Мухтарова қарасайлық белсенді авторларымен және жанашыр оқырмандарымен кездесті.
Абай атындағы мектеп-гимназияда өткен бұл бас қосуды аталған қос газетті шығаратын «Өлке тынысы» ЖШС басшысы М. Жанәділов ашып, қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының мән-маңызына кеңінен тоқталды, бір ғасыр бұрын дүниеге келген облыстық газеттердің алғашқы қаз тұрып, қадам басқаннан осы күнге дейін өзінің танымдық, тәрбиелік міндетіне, насихаттық, көпшілік-түсіндіру жұмысына адал болғанын атап айтты.
Мұнан кейін кезекті Қ. Тұңғатар алып, «Жетісу» газетінің, яғни, жүз жастағы осы басылымның тарихи бастауы, жүріп өткен ұзақ жолы, оны басқарған белгілі азаматтар жайында жан-жақты баяндады.
Сол сияқты А.Склабовский де «Огни Алатау» газеті жөнінде осы бағытта орнықты сөз өрбітті.
Кездесуде Кемертоған орта мектебінің мұғалімі Бақытбек Ата, Жамбыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Толынбеков, баспасөз ардагері Өтесін Құбиев, Елтай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалида Қосшығұлов, Ұмтыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов, ардагер-ұстаз Ақлима Көсемова, еңбек ардагері Ағабек Шалғынбаев, журналист, ақын Қанат Тәкебаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, Қаскелең қаласы әкімдігінің бас маманы Әмина Абдраманова, «Заман жаршысы» газетінің тілшісі, осы жолдардың авторы сөз алып, қос басылым өкілдерін мерейтойларымен шын жүректен құттықтады, екеуін де өздерінің сүйсіне оқитындықтарын айтты, газет жұмысына байланысты ұсыныс-тілектерін жеткізді, алда да өзекті мәселелерді көтеретін сан алуан тақырыптағы қызықты, тартымды, ойлы мақалаларды күтетіндіктерін білдірді.
Соңынан М. Жанәділов пен А. Склабовский «Жетісу» мен «Огни Алатаудың» қарасайлық белсенді авторлары мен оқырмандары – Ө.Құбиевке, А.Толынбековке, Ұ.Өтееваға, Қ.Тәкебаевқа, А.Өтебаевқа сыйлыққа микротолқынды пеш тапсырып, мақтау қағазын берді.

Берікбай ҚАДЫҚОВ.