Алматы облысының жастар ресурстық орталығы жанынан «Көшбасшы» жастар клубы құрылды. Клубтың ашылу салтанаты Кеген ауданында өтті. «Көшбасшы» әр салада жетістікке жеткен,тың идеяға толы тұлғалардың басын біріктіру мақсатында іске қосылды. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдап, озық ойларымен ел дамуына, өркендетуге белді бекем буып отыр.
Шарада Жастар ресурстық орталығы “Хан тәңірі” жастар қоғамдық бірлестігі және Жамбыл аудандық мәслихат депутаты, меценатымен меморандум жасасты. Жалпы, бұл маңызды басқосуға өңір депутаттары, Спорт және дене шынықтыру басқармасы өкілдері, волонтерлар мен дебатшылар, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшілері қатысты. Жалынды жастар қатарында Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы” ҚБ облыстық филиал басшысы Бекжан Сүнбеков, Жапон еліндегі «Жапон-қазақ» мәдениет үйінің төрайымы, «Жақын Жапония» кітабының авторы Жадыра Сембай, жазушы Жұлдыз Сәбитова, «Алматы облыстық Азаматтық Альянс» президенті Балжан Досалы, облыстық пікірсайыс қозғалысының жетекшісі, республикалық пікірсайыс ойындарының жеңімпазы Дамир Валиханов бар.
Айта кетерлігі, Алматы облысында ғылым, білім, кәсіпкерлік саласында көш бастаған жастар жетерлік. Жастар ресурстық орталығы жалындаған жас буынды қолдау мақсатында түрлі жобаны жүзеге асыруда.