Бүгін Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысын өткізіп, онда елімізде болып жатқан қазіргі жағдайға байланысты өзінің ойың айтып, қабылдаған шешімін жариялады. Жиында Президентіміз коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайдың аяқталғанымен, республикамыздың бірқатар өңірлерінде карантин режимі сақталып, ол вирусты жұқтырғандар санына байланысты алынатындығын жеткізді. Бұл қабылданған шешімді жеке басым толықтай қолдаймын. Себебі біраз уақыт өткенімен статистикаға қарасақ коронавируспен ауырғандар саны азайғанның орнына көбейіп келе жатыр. Егерде біз бұл індетті женгіміз келсе, бірінші кезекте айтылып жатқан барлық ескертулерге құлақ түріп, тәртіпке бағынып, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауымыз қажет деп ойлаймын. Тек сонда ғана біз бұл індетті жене аламыз.
Сонымен қатар, жиында Мемлекет басшысы еліміздегі осы ауыр кезенде аянбай еңбек еткен біздердің, яғни медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалап, алдағы уақытта біздің құзыреттілігімізді арттыру, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту мақсатында медициналық мекемелерде жаңа технологиялық құралдармен жарақтандыру жайлы айтты. Оның бұл сөздері мені өте қуантты. Өйткені бұндай шешім біздердің індетті жену үшін қосқан еңбегіміздің ескерілгендігі деп білемін. Сондай-ақ, мен ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті түбегейлі күшейту қажет екенін де айтып өткен Президентіміздің шешіміне де толықтай қосыламын. Себебі алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбас үшін ең бірінші кезекте біз медицина саласын барлығынша дамытуымыз қажет.
Осы ретте мен халқымызды Презиндентіміздің шешіміне түсіністікпен қарап, әрдайым тәртіпті сақтауға шақырамын.
Талғат Байтілеуов,
аудандық орталық аурухананың
хирургия бөлімінің жетекшісі.