Жаңа Конституция жобасында некенің ер мен әйелдің арасындағы заңды түрде тіркелген, ерікті әрі тең құқықты одақ ретінде нақты айқындалуы — қоғамның дәстүрлі құндылықтарын сақтауға бағытталған маңызды норма деп санаймын. Бұл ұстаным отбасы институтының тұрақтылығын нығайтып, ұрпақ тәрбиесінің берік негізін қалайды.
Балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеудің ата-ананың әрі құқығы, әрі міндеті ретінде бекітілуі — отбасындағы жауапкершілікті арттыратын әділ талап. Сонымен қатар, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқор болуға міндетті болуы — ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен адамгершілік құндылықтарды нығайтатын маңызды қағида.
Мемлекеттің неке, отбасы, ана, әке және баланы қорғау міндетінің өзгеріссіз қалуы — әлеуметтік саясаттың басты бағыты отбасы екенін көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл нормалар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған деп ойлаймын.
Тусупхан Интин,
Жаңатұрмыс ауылы ақсақалдар алқасы төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
