Жаңа жобада адам құқығы мен бостандығын шектеу жағдайлары нақты көрсетілуі маңызды жетістік деп ойлаймын. Енді әрбір адамның құқығы мен бостандығы басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға, қоғамдық тәртіпті сақтауына, азаматтардың денсаулығына және қоғамның адамгершілік қағидаларына сәйкес болуына тиіс. Бұл өзгеріс құқықтық нормаларды нақтылап, қоғамдағы жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті күшейтеді. Бұрынғы Конституцияда мұндай норма болмағандықтан, жаңа редакция азаматтар арасындағы теңдік пен өзара құрметті қорғауды айқын көрсетеді және құқық пен бостандықты шектеген кезде негізділікті қамтамасыз етеді.
Улмекен Бершимбаева,
Еңбекші ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның қызметкері.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
