Конституция – еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат. Уақыт талабына сай оны жаңарту – қоғамның сұранысына жауап беретін заңды қадам. Осы тұрғыдан алғанда, конституциялық реформалар еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған деп есептеймін.
Реформалардың ашық түрде жүргізілуі қоғамның бұл өзгерістерді түсініп, қолдауына мүмкіндік берді. Ұсынылған түзетулер билік пен халық арасындағы жауапкершілікті күшейтіп, мемлекеттік басқаруда әділдік пен тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жол ашты.
Жалпы, конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне өтуге негіз қалап, қоғамда сенім мен тұрақтылықты нығайтады. Сондықтан бұл бастамаларды дер кезінде қабылданған, болашақ үшін маңызды әрі қажетті шешім.
Әлия Сатпаева,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
