Жуырда ауданымызға «Қазақстан халық коммунистері» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирнова келіп, бірқатар мекемелердің жай-күйімен танысты. Халық қалаулысы ең алдымен орталық ауруханаға келіп, ол жердегі дәрігерлермен әңгімелесті. Басқосуда ақ халаттыларға Ирина Владимировна өзінің келудегі мақсаты осындағы азаматтардың қызметі жайлы және туындап жатқан әртүрлі мәселелерін біліп, оны ретке келтіруге …
Біздің егемен еліміздің ең басты байлығы – оның халқы. Сондықтан адамның өмірі мен денсаулығына айрықша назар аударылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында да халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанда мыңдаған спорт алаңдары, стадиондар, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт мектептері және тағы басқа осы бағыттағы …
Кеше орталық мәдениет үйінде, аудан жұртшылығының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының күні салтанатты түрде аталып өтті. Жиналғандар алдымен «Азат елдің Ата заңы» атты театрландырылған көріністі тамашалады. Онда ежелден далалық конституцияны ұстанған, әрдайым адалдықпен, әділдікпен өмір сүрген ата-бабаларымыздың заңдылықты, адамдықты биікке көтерген тіршілік-тынысы жайлы жан-жақты айтылып, қазіргі кездегі тәуелсіз Қазақстанның Негізгі заңының күш-қуаты, артықшылығы әсерлі бейнеленді. Мұнан …
Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап елімізде жүргізіліп келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының негізгі мақсаты – мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері мен институттарын құру болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде аталған саладағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» …
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде мұғалімдердің тамыз конференциясы болып, оған мектеп директорлары, мұғалімдер, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитетінің өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева ашып, жүргізіп отырды. Алдымен жиналғандар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Нұрекеновтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы баяндамасын тыңдады. Қазақстан …
На чемпионате мира по муайтаю – тайскому боксу, проходившем среди молодежи в Таиланде, в составе сборной команды Республики Казахстан приняли участие и молодые спортсмены из нашего района. Уже по его итогам чемпионами мира и обладателями золотых медалей стали ученик СШ Ушконыр, что в селе Шамалган, Арнур Нургазы и ученик каскеленской СШ им. Белинского Хусейн Абдулаев. …
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2007 жылдан бастап, «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тауып жатыр. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін іс-шара дәстүр бойынша ауданымызда да насихатталуда. Акция мақсаты – мектепке баратын аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына жәрдем көрсету. Осы шараның тағы бір негізгісі – материалдық себептермен мектептен қалып …
Қазір ауданымызда да жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Елбасының жарлығына сәйкес 2007 жылдан бері басталған осы маңызды іс-шараға биыл он бір жыл толып отыр. Бұл акцияның басты идеологиясы аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының …
Жуырда Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінің алаңында, мектеп оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойындарының бірі – Асық ату ойынынан іріктеу жарысы өтті. Қызу бәсеке барысында командалық есеп бойынша Көлащы орта мектебінің оқушылары топ жарса, ІІ, ІІІ орынға қазақ орта мектебі мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары ие болды. Ерекше көзге түскен асық ату шеберлері аудандық жарысқа …
Мен Несіпбала –Нэлля Әбенқызы Әбділдаеваны көп жылдар сыртынан, алыстан ғана, бұрынғы кеңес дәуірінде өткізіліп жататын әртүрлі жиналыстардан көретін едім. Шындығында, қоғамшыл, қайраткер адамдар бір-екі жылда қалыптаса қоймасы белгілі болатынындай, Несіпбала Әбенқызы да тумысынан, одан әрі мектеп қабырғасында оқыған жылдарынан көшбасшылығымен, қарапайым тілмен жеткізсем,пысықтығымен көпшіл, белсенді болған сияқты. «Сияқты» емес, дәл солай өзіндік айтар ой-пікірімен, турашыл …