Қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде еуропалық тәжірибеге сүйене отырып, кітапхананың қызметтік деңгейін арттыру мақсатында «коворкинг» орталықтары ашылуда. Заманауи талапта жабдықталған сондай оқырман орындарының бірі өткен аптада біздің ауданда да ашылды. Жақында ғана күрделі жөндеуден өткен аудандық орталық кітапханада орналасқан «коворкинг» орталығы, әсіресе, жастар қауымына пайдалы орынға айналмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен «Нұр Отан» партиясының …
Өткен аптаның жұмасында тұғыры биік Тәуелсіздікке 27 жыл толуына байланысты аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып, жиналған қалың көпшілікті егемен еліміздің елеулі мейрамымен құттықтады. Алдымен кеш шымылдығы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың кезінен зайырлы мемлекет атанғанға дейінгі кезеңдерді бейнелеген әсерлі сахналық көрініспен ашылды. Мұнан кейін, мінбеге көтерілген Жандарбек Ермекұлы: – …
Кеше «Nur.kz» ақпараттық көзі бастамашы болған «Халық дауысы» жобасы бойынша онлайн дауыс берудің қорытындысы шығарылды. Оның аясында қазақстандықтар жобаларды, қалаларды және мемлекеттік қызметшілерді бағалауға мүмкіндік алған еді. Нәтижесі бойынша Алматы облысының көш бастағаны қуантады. Ал, аталған өңір басшысы Амандық Баталов «Жыл тұлғасы» гран-приіне ие болды. Сонымен қатар, «Ең белсенді әкім» номинациясы бойынша жеңіске жетті.
Әр адам мұзға байланысты әртүрлі төтенше жағдайларға түсуі мүмкін (балық аулау, су айдынынан өткенде, самолет, пойыз апаттары болғанда, т.б.). Табиғаттың қыс мезгілі адамдарға мейірімді болмайды, ол жеңіл ойлаушыларды, қауіпсіздік ережелерін білмегендерді қатты жазалайды. Мұздағы қауіпсіздік. Қатпаған жұқа мұз үстіне жалғыз да, топ адам болып та шықпаңыздар. Ойықтарға, жарылған мұзды жерлерге жақындамаңыздар. Шанамен, шаңғымен тік жарлы …
бір басынан табылатын қадірлі қария Жақында Береке ауылындағы М. Бейсебаев атындағы орта мектепте осы білім ұясын ұзақ уақыттар бойы абыроймен басқарған, бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа – адам тәрбиесіне арнаған, еңбек ардагері, ел ағасы Калида Сәлімжанұлы Қосшығұловтың 80 жасқа толуына арналған тамаша тағылымды салтанатты кеш болып өтті. Оның барысында алдымен ортаға мерейтой иесінің өзі шақырылып, ол …
Жуырда біздің мектепте, Елбасы Н.Ә.Назарбаев-тың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында кездесу кеші өтіп, оған белгілі ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай шақырылды.Кешті ұйымдастыруға қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің мұғалімдері ат салысты. Кеш Исраил Сапарбайдың «Бойжеткеннің жүрісі» өлеңі арқау етілген көрініспен басталды. Мұнан кейін қонағымыз сөз алып, өмірбаянымен, өлеңдерінің …
Сол бір жылдың желтоқсаны … Иә! Осы айда азаттық үшін арпалыста талай жалынды жігіттер мен өр намысты қызғалдақтарымыз қыршын кетті. Оларға қыстың қақаған аязынан гөрі Кеңес билігінің соққысы жанға батты. Сонда да қайтпас қайсар мінездерімен ерлікті ту етіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, тәуелсіздік үшін аянбай жанын берді. «Қазақстанға – қазақ басшы!» деген ұранмен Алаңға …
Серігі болып көп жылдың, Жанымда менің бір жүрдің. Сәуледей ойнап санамда, Көңілімді күлдірдің. Замандар жүгін арқалап, Ақылдың мүлкін жинаған. Кітаптан тауып махаббат, Сен болдың жұртқа сыйлы адам. Сенде әр кітап құндырақ, Бар дүние-мүлкінен. Қабақ шытпай тұнжырап, Қарсы аласың күлкімен Әркезде болдың сүйіктім, Ұсынып өмір томдарын. Жанымды менің ұйыттың, Жатқа айтып өлең жолдарын! (Сырбай Мәуленовтың «Кітапханашы» …
Қазақ халқының ұғымында бауыздау құда, қылауы түспеген құда, бел құда, кәрі құда деген терең мағыналы тамаша теңеулер бар. Кәрі құда іші бауыры араласа келе бауырыңдай болып кетеді екен. Иә, туған ағам мен жеңгемдей болып кеткен құдаларым – Махатов Малиген Махатұлы мен Сарсембаева Нағжан Төлентайқызының өнегелі өмірлері туралы сыр шертпекпін. Олар жұптары жазылмай 46 жыл бірге …
Деньги – это неотъемлемая часть финансовой системы каждой страны. Правда, называются они по-разному – тенге, доллары, рубли, фунты, франки… Но всегда и везде служат средством оплаты, сохранения стоимости и единицей счета. Да и вся структура экономики предопределена существованием денег. Мы же гордимся нашей национальной валютой – тенге. Ее название идет еще от средневековых тюркских серебряных …