Бүгін Қарасай ауданындағы «Апорт» сауда-ойын-сауық орталығында Алматы облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру және азаматтарға тегін әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету болды. Акция барысында тұрғындар өздерін мазалаған түрлі құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес …
Қарасай ауданында халық қаһарманы, атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Жас-Ұлан» әскери-спорттық сайысы мен мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараға аудан мектептерінің «Жас-Ұлан» ұйымының мүшелері, әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, ардагерлер және білім беру бөлімінің өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты – Бауыржан Момышұлының ерлік жолын дәріптеу, жас ұрпаққа отансүйгіштік сезімін ояту, оларды әскери-қолданбалы спорт түрлеріне баулу және батырдың …
Алматы облысында 2025 жылы 44 жаңа нысан пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артты. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 38 нысанның құрылысы аяқталды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында көпбейінді ауданаралық ауруханалар жаңғыртылып, Есік қаласында облыстық перинаталдық орталық …
Жақында Қаскелең қаласында экологияны жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі өтті. Isker Company басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясы қала тұрғындары мен кәсіпорын ұжымын бір мақсатқа біріктірді. Аталған шараға компания қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар зауыт маңында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары да белсенді қатысты. Бас директор Әбен Әлібек Болатұлының жетекшілігімен өткен акция барысында зауыт аумағында және …
Қарасай ауданының «Көкөзек жайлы мектеп» базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық “Мағжан оқулары” байқауы өтті. Аталған байқау жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар Мағжан Жұмабаев шығармаларын мәнерлеп оқып, ақын мұрасын терең түсінетіндіктерін көрсетті. Сайыс нәтижесінде қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін …
2026 жылдың 7 сәуірінде Бірінші май ауылдық округі, Қапал батыр атындағы орта мектептің оқушыларымен «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Мемлекеттік тіл және қоғамдық келісім» тақырыбында кездесу өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін түсіндіру, оның этносаралық қатынастарды нығайтудағы маңызын насихаттау, оқушылардың қазақ тіліне деген құрметін арттыру және қоғамдық келісім мен бірлікті …
Н. Әлімқұлов атындағы орта мектеп базасында математика пәні мұғалімдері арасында дәстүрлі «Нұрбатыр Орынбаев» олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған білім сайысы педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуына және пәндік білімдерін тереңдетуге бағытталды. Олимпиада барысында қатысушылар күрделі есептерді шешіп, логикалық ойлау қабілеттері мен әдістемелік біліктіліктерін көрсетті. Биылғы додаға жалпы саны 40 педагог қатысуға өтінім беріп, …
2026 жылдың 3 сәуірінде Қосынов орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында жеңіл атлетикадан аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Бұл жарысқа ауданымыздың 62 мектебінен оқушылар қатысуға ниет білдіріп, соның ішінде 5 мектептен барлығы 50 жас спортшы өз шеберліктерін көрсетті. Аудандық кезеңде жас спортшылар әрбір жарыс түрінде өзара бәсекеге …
Светлый, добрый праздник Наурыз встретили и в реабилитационном центре «Сауле Сапар», что в городе Каскелене, в котором проходят реабилитацию 115 детей с различными диагнозами. При поддержке своих родителей и сотрудников центра они подготовили яркое торжество с красивыми концертными номерами и, конечно же, с праздничным дастарханом. Как это и положено, открыли праздничное мероприятие звуки фанфар. О …
Как известно, на территории села Жибек жолы одноименного сельского округа успешно развивается крупный многопрофильный производственный комплекс компании «ПК Алтын Таға». В недалеком будущем предприятие будет производить более тысячи видов изделий для строительного рынка Казахстана, а также государств Средней Азии и СНГ. Масштабы этого комплекса впечатляют, как и тот мультипликативный эффект, который он создает в развитии …










