Дүйсенбі күні аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, оның жұмысын кеңес төрағасы С. Мәсімақынов жүргізіп отырды. Күн тәртібі бойынша Сағат Ұлтарақұлы алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзі жайында жан-жақты баяндап, осы орайда баса мән берілетін аса маңызды он бағыт туралы кеңінен әңгімеледі, олардың нақты жүзеге асырылуы халықтың тұрмысын …
Ұлт болашағы, тәуелсіздік тұтқасын берік ұстайтын, еліміздің ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын – жастар. Сондықтан да мемлекетімізде жастардың мәселесіне қашанда ерекше назар аударылып, үлкен ықылас танытылады. Таяуда Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өткені белгілі. Онда Мемлекет басшысы еліміздің дамуына және халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің көтерілуіне бағыттылған он бағытын …
Таяуда ғана жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ресми қызметіне кірісу рәсімінде көптеген маңызды мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Оның ішінде бесінші бағыт ретінде, яғни, тұрғын үй мәселесін шешуді де қолға алуды тапсырғаны белгілі. Онда ол түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударатынын айтып, алдағы уақытта бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұрғанын …
Мемлекет дамуындағы ең басты қадамдардың бірі – білім сапасы. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей болуы үшін кейде жаңа өзгертулер енгізіліп отырады. Бұл ретте он бір жылдық білімнің нәтижесін көрсететін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында да өзгертулер болып, биыл ауданымыздың талапкерлері де ҰБТ-ны өзгеше сынақ түрінде тапсырды. Өздерінізге белгілі болғандай биыл …
Аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Ренат Кенеев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 1-тармағына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімі болып 2019 жылдың 26 маусымынан бастап тағайындалды. Округ ауданымыз-дағы күре жолдың бойында орналасқан, әртүрлі саладағы үлкен кәсіпорындары бар округ ретінде ерекшеленеді. Жуырда аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Елтай ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа …
Тосыннан келген қиындыққа тап болған Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуға жетісулықтар да жедел жұмылды. Осы аптадағы сәрсенбінің сәтті күнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен арыстық ағайынға арналып Жетісу өңірінен жиналған алғашқы гуманитарлық көмектің 8 жүк машинасынан құралған керуені Түркістан облысына аттанды. Қиын сәттерде халықтың бірлігі бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар үшін аса …
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арнап Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының алдындағы аллеяда уақыт капсуласын қойды. Елбасы іс-шара барысында Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жеткен жетістіктері мен жастардың бақытты өмір сүруі үшін аға буынның қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенін ұмытпау қажет екенін айтты. Сондай-ақ, 2050 жылғы қазақстандықтардың ұрпақтарына берілген «Уақыт капсуласы» халықтың болашаққа …
Талдықорған қаласында «Жетісу Арыспен бірге!» акциясы басталып, облыс орталығында гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Гуманитарлық көмек көрсету пункті Талдықорған қаласы Қабылиса жырау көшесі, 127 үйде орналасқан. Ол бір ай көлемінде таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 21-ға дейін жұмыс істейтін болады. Аталмыш акция ұйымдастырушылар мәлімдеуінше Алматы облысының атынан Арыс …
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кезекті «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал» атты республикалық науқан өткізілуде, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған науқанға кез-келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауарды немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің …
Как сообщили в региональной службе коммуникаций Алматинской области, в рамках государственной программы «Цифровой Казахстан» идет активная реализация проекта по поэтапному переходу на цифровое эфирное телерадиовещание с полным отключением аналогового телерадиовещания. В целом по Казахстану работу проводятся, согласно утвержденному графику. Если в 2018 году переход на цифровое телевещание с полным отключением аналогового телевещания был проведен в …