«Nur Otan» партиясының аудандағы штабы «Almaty Tannery+» мекемесінің еңбек ұжымымен өткен жиында Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында бизнес саласына жасайтын мемлекеттік қолдауы туралы толықтай түсіндірді. Кездесуде сөз алған аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб жетекшісі, Ақшолпан Марат ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп берді. – Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміз тәуелсіздік …
Алдымыздағы президенттік сайлауға «Nur Otan» партиясы атынан кандидат ретінде қатысатын Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауданнан құрылған қоғамдық штабы, желілік кестеге сәйкес, өз жұмыстарын жүргізуде. Үгіт-насихат шарасы бойынша кезекті жүздесу Шамалған ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Кездесуде алдымен сөйлеген аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандағы қоғамдық штабтың жетекшісі Ақшолпан Марат ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының тұғырнамасымен шамалғандықтарды …
Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары бүгін қос кәсіпорында жалғасын тапты. «Qazaqstan Kagazy Recycling » мен «Алтын Жұлдыз Textile» компанияларының қызметкерлерімен кездескен аудандық қоғамдық штаб мүшелері үміткердің Елбасымыздың ең сенімді серігі және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан тұлға екеніне тоқталды. Алдымен сөз алған аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының …
Өзінің Жарлығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған еді. Осыған орай, «Nur Otan» партиясының атынан президенттікке ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының еліміздің барлық аймағында қоғамдық сайлауалды штабтары құрылып, жұмыс істеп жатыр. Соның аясында өткен аптаның бейсенбі күні штаб өкілдері ауданымыздағы «Алматыгазсервиз Холдинг» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық …
9 маусымда елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні белгілі. Соның аясында еліміздің барлық аймақтарында сайлау науқаны жайлы түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Осыған орай, аптаның алғашқы күні облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында кезектен тыс сайлауын өткізу жөнінде семинар-тренинг өткізді. Оған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, қала, ауылдық округтердің әкімдері, округ әкімдіктерінің сайлауға жауапты мамандары, …
В рамках областной акции «Выбирай безопасные продукты» сотрудники районного управления охраны общественного здоровья и районного отделения областного филиала РГП «Центр Национальной экспертизы» проверили на содержание нитратов овощи и фрукты, реализуемые в городе Каскелене, на рынке «Жер-Ана». Заметим, что такого рода акции проводятся два раза в год – весною и осенью. Главный специалист районного управления охраны …
Үнемі айналасына көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлайтын, мәдениетке баулитын, киелі сахнаның қадірі мен қасиетін жете түсінетін, өмірлерін өнермен өрген жандардың төл мерекесі де қасиетті Қарасай жерінде ұмыт қалған жоқ. Осы аптаның сәрсенбі күні Ұмтыл ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерейлі жиынның алғы сөзін айтқан аудан әкімінің орынбасары …
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Алматы облыстық коммуникациялар қызметі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Аталмыш байқаулардың …
Алматы облысы орталығы Талдықорған қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында отбасы слеті өтеді, деп хабарлайды Алматы облыстық коммуникациялар қызметі. Отбасын құндылығын дәріптеу үшін 1993 жылдың 20 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 мамырды Халықаралық отбасы күні ретінде бекіткен болатын. Осылайша, аталмыш мереке жылда әлем бойынша атаулы күн ретінде аталып өтеді. Осы мерекеге орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері …
Алматы облысында 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентігіне сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, Журналистер үйінің мәжіліс залында «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметі. Жиынға Алматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы және мүшелері Шыңғыс Лепсібаев, Аким Тұрсынов қатысты. Баспасөз мәслихатынан кейін аудан мен …