Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің бесінші бөлімімен реттеледі. Алимент дегеніміз — ол бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Атап айтқанда қаражат кәмелетке толмаған балаларға, қамқорлықсыз қалған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға, еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға және ерлі-зайыптыларға, жүктілігі кезеңінде және …
Жуырда облыстық деңгейдегі жас еріктілер слетінде ауданымыздағы Қаскелең қаласының «Жан шуақ» тобы үздіктер қатарынан көрінді. Жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шарада 215 ерікті қамтылып, бес бағытта секциялық жұмыстар жүргізілді. Олар: денсаулықты сақтау мен алғашқы көмек көрсету, Start Up жобаларды жүзеге асыру, жастар арасында көшбасшылық қасиеттерді арттыру, жастарға психлогиялық қолдау …
Жуырда Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен, «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өткізілгені белгілі. Ол артынан аймақтық имамдар форумына үласып отыр. Осындай келелі жиын Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде де болып, оны осы мешіт имамы Қуаныш Наржанов ұйымдастырды. Форумға құрметті қонақтар ретінде Қазақстан …
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Табиғатты қорғауға байланысты ғылыми тұрғыда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осы тұрғыда Алматы облысы да табиғатты қорғауға қатысты шаралардан қалыс қалған емес. Күні кеше Талдықорғандағы Салтанат сарайында еліміздегі барлық экологтардың басын қосқан «Балқаш – 2019» республикалық дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты – еліміздегі экологиялық …
Өткен аптаның жұма күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен тұрғындардың денсаулығын сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға тиісті бөлім басшылары және қала ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Басқосуды аталған басқарманың басшысы Нұрлан Олжабаев жүргізіп, отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Оның барысында біраз уақыттан бері қордаланған …
Жаны жабырқау адамдарға жүрек жылуын сыйлап, мейіріммен қарау, қолынан келген көмегін беру –халқымыздың қашаннан қанына сіңген асыл қасиетінің бірі. Ел жағдайына әрдайым жіті назар аударып отыру – халық қалаулыларының да басты парызы дегеніміз жөн. Осы орайда Қарасай аудандық мәслихатының депутаты, «Дәулет-серпін 603» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Жалғасқан Домбаев жуырда аудан орталығы – Қаскелең қаласындағы Н. …
В рамках предотвращения случаев отравления угарным газом и недопущения трагедии, произошедшей в Нур-Султане, когда при пожаре в одной семье погибли сразу пять девочек, в нашем районе проводится работа по бесплатной установке датчиков (газоанализаторов) многодетным и малоимущим семьям. Непосредственно в селе Шамалган одноименного сельского округа планируется установить 90 датчиков. Главный специалист аппарата акима данного округа Досым …
В рамках празднования 90-летия района улицы и площади города Каскелена заиграли новыми красками. А всё потому, что на них была выложена разноцветная тротуарная плитка, произведенная на каскеленском предприятии – ТОО «ISKER COMPANY». К слову сказать, в 2015 году 40 тыс. кв. метров площадей города Талдыкоргана также были выложены искеровской плиткой, а в текущем году – …
Адам баласы үшін білімнің, оқу мен тоқудың жөні бөлек, бөлекше екені ежелден белгілі. Білімдінің алды әрқашан жарық, санасы сәулелі, ойы орамды болатыны да баршамызға мәлім ғой. Ал, мұның бәрін де берекелі етіп беретін жер, әрине, алдымен мектеп. Елтай ауылдық округінің орталығы Береке ауылында орналасқан өзіндік орны, өзінше тарихы бар Мәсімхан Бейсебаев атындағы орта мектеп – …
Осы кезге дейін жұқтырғыш иммундық тапшылығы синдромының (ЖИТС) індеті көптеген адамның өмірін алып кетті. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді жолы мен қолжетімді тәсілі – халықты ақпараттандыру. Осы ретте биылғы қараша айының 5-нен желтоқсанның 5-не дейін еліміз бойынша ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған «Қоғамдастықтың – рөлі шешуші» деген ұранмен айлық жарияланды. ЖИТС ауруының қазіргі таңдағы …