«Үшқоңыр» спорт мектебінің шәкірттері басқа аудандардың жарыстарында да жасындай жарқылдап, жеңісті жолда жетістікке жетуде. Жақында Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ ауылында бокстан КСРО-ның спорт шебері, жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші Жақыпов Серік Болатұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы аталмыш ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Бұл додада «Үшқоңыр» спорт кешенінің жас боксшылары бақ сынап, жалпыкомандалық есеп бойынша І …
Қарасай ауданының тарихында тұңғыш рет қыздар арасында шахмат ойынынан чемпионат ұйымдастырылып, оның алғашқы жеңімпазы да анықталды. Ой жүйрігін ала тақта үстінде сынаған бұл турнир барлық санитарлық талапқа сай өткізіліп, кіл мықтылар өзара бақтарын сынады. Жарысқа аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов қатысып, шахмат ойыны қарасайлықтардың арасында әлі талай насихатталатынын айтып, баршасына сәттілік тіледі. …
Жуырда Талдықорған қаласында жекпе-жек сайысы бойынша жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, оған еліміздің әр түкпірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Жас үздіктердің негізгі мақсаты – осы жарыста топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алу. Қоян-қолтық ұрысты серік еткен бұл додаға облыстық іріктеуден өткен, Жамбыл орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бауыржан Баймұхамбетовтың бес шәкірті де қатысты. Түрлі …
Айтыс ақыны, абыз жырау, әрі жауынгер жыршы Жамбыл – биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушының бірі. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдіске жаңа мазмұн дарытты. Биыл Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған түрлі шаралар еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген дүлдүл ақынының мерейтойы кеңінен аталып өткені …
Мен өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қаскелең аудандық «Заман жаршысы» газетіне редактор болып келдім. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінің ауырлықтары бізді де аттап өткен жоқ. Аудандық газет жабылудың аз алдында тұр екен. Келе қиындықтарға тап болдым. Біріншіден, редакцияның өз үйі, жеке баспаханасы жоқ екен. Екіншіден, осындағы баспаханада газет басылмайды. Ол, яғни, аудандағы типография газет материалын линотип арқылы теріп …
Ровно год назад ВОЗ объявила о начале пандемии. За это время Казахстан, как и весь мир, прошел через многие трудности. Государство приняло решительные меры для защиты жизни и здоровья граждан. В период ЧП люди, оставшиеся без источника дохода, получили финансовую и другую помощь. Благодаря единству, взаимной поддержке мы смогли преодолеть наиболее острую фазу пандемии. Но …
Ерке көктем көңілді мезетімен алғашқы күнінен-ақ барша адамзатты ризашылыққа бөлеп, жақсылыққа жетелейтіні рас. Мейіріміне қандыратын бұл мезгілдегі тағы бір айрықша күндердің бірі – 8 наурызда аталып өтілетін нәзік жандылардың айтулы мейрамы. Мерейлі мереке біздің ауданымызда да тамаша салтанатты кешпен басталды. Бір апта бұрын қарасайлық қызғалдақтардың құрметіне орай, барлық санитарлық талаптардың сақталуымен, аудандық Мәдениет үйінде «Ана …
Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті.
Мужчин-дизайнеров в мире моды десятки. Как правило, они талантливы и успешны. Кто как не мужчина лучше видит все достоинства и недостатки женской фигуры, может оценить женскую красоту и подчеркнуть ее? Звездную плеяду имен в индустрии моды представляют такие профессионалы, как Кристиан Диор, Ив сен Лоран, Пако Рабанн, Валентино Клименте. Отрадно, что пополняется она и новыми …
Әлем бесігін бір қолымен тербетіп, биязы мінезімен талай белесті бағындырған әйелдер қауымының біздің қоғамда алар орны айрықша. Оның ішінде тағдырдың сынағынан сүрінбей, жігері мұқалмаған, жұдырықтай жүрегімен өмір күресінен тайсалмайтын ерекше нәзік жандыларды айтпасқа тағы болмас. Иә, оларды «ерекше» деп атау өте орынды. Қоғамда мұндай адамдарды «мүгедек», «мүмкіндігі шектеулі» деген сөздермен сипаттап жататыны жасырын емес. Алайда, …