2020 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында ұстаздарды әлеуметтік қолдауға, мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Соның бірі — педагог-мамандарды аттестаттау жұмысы. Педагогтарды аттестаттаудан өткізудің жаңа форматының мақсаты білім беру қызметінің сапасын арттыру, мұғалімдерді ынталандыратын жаңа заманауи механизмдерді енгізу екендігі педагог қауымына таныс. Ендеше, аттестаттаудың өткізілу барысындағы жиі қойылатын сұрақтарға …
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Бағдар мен …
Қарасайлықтарға бұл кісінің есімі жақсы таныс. Өйткені, ұзақ уақыт ауданда жемісті қызмет істеп, қарапайым халықтың жай-жағдайының ілгерілеуі жолында аянбай тер төкті. Жұмыс саласының өзі негізінен осыны талап ететіндіктен, сонымен қатар, өзінің өзгелердің жанын түсініп сөйлесе алатындығының, кішіпейілділігінің, әділдігінің, талапшылдығының арқасында адамдардың құрметіне бөленіп, әрдайым алғыс алып жүрді. Әңгіме, әрине, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру (бүгінде жұмыспен қамту …
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Нұрлы-Жер» мен «Шаңырақ» бағдарламалары аясында, осы аптада аудан орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Қарлығаш» ықшам ауданында 30 отбасы баспаналы болды. Көптің көптен күткен қуанышына аудан әкімі Жандарбек Далабаев ортақтасып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады. Жыл санап дамып келе жатқан ауданымыз үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бір ғасырға жуық тарихы бар …
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен осы аптадағы алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 66-шы сессиясында күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланып, олардың барлағы депутаттардың қолдауымен бекітілді. Санитарлық талапқа сай өткізілген жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен оның орынбасарлары, халық қалаулылары, қала және ауылдық округтердің әкімдерімен қатар, бөлім басшылары да қатысты. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Айнабеков төрағалық …
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Іргелі ауылдық округінің тұрғындары үшін салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан аудан әкімі Жандарбек Далабаев осы қуанышты оқиғамен құттықтады. Жандарбек Ермекұлы ізгі тілегін білдіре келе, денсаулық сақтауда, жастардың репродуктивтік денсаулығын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Қаскелең қаласында 200 орын стационар мен 1000 емделушіге арналған …
Күндердің сұлтаны өткен аптадағы жұма күні қанша жылдан бері пәтер жалдап келген, әлеуметтік жағдайы төмен, тоғыз баласы бар Картеновтар отбасы үйлі болды! Бұл қайырымды іске қол ұшын созған елімізге белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері, «Айдың нұры» қорының құрылтайшысы әрі төрайымы Айнұр Тұрсынбаева. «Айдың нұры» қайырымдылық қорының директоры, заңгері Мөлдір Ақылбекованың айтуынша, қор үстіміздегі жылдың …
Алда келе жатқан маңызды саяси науқанына орай «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған үгіт-насихат жұмыстары өткен аптаның сенбісінде аудан орталығында орналасқан «Алтын ауыл» ықшам ауданында жалғасын тапты. Кездесу барысында партиядан Мәжіліс депутаттығына үміткер Әлия Абсеметова мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау басқармасының директоры Дамир Дигай аталмыш ықшам ауданның тұрғындарымен және белсенді жастармен кездесіп, …
В рамках предвыборной компании члены республиканского штаба партии «Nur Otan» побывали и в нашем районе, на территории универсального торгового комплекса «Алтын орда», где провели встречу с его торговыми представителями. Членов штаба, являющихся кандидатами в депутаты Мажилиса Парламента РК и Алматинского областного маслихата, представил первый заместитель председателя районного филиала партии «Nur Otan» Каныбек Айтжанов. Кандидат в …
Предвыборная кампания продолжается. На днях депутаты Сената Парламента РК Бакытжан Жумагулов и Динар Нукетаева провели встречу с представителями молодежи, в том числе молодежного ресурсного центра, учительства и неправительственных организаций района. Проходила она в селе Шамалган, в историко-культурном центре «Атамекен». Открыл и вел ее первый заместитель председателя районного филиала партии «Nur Otan» Каныбек Айтжанов. Господа сенаторы …