Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «Астана Опера» театрында №393 сайлау учаскесінде дауыс берді және келушілерді Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Наурыз мерекесі баршаларыңызға, бүкіл халқымызға жақсылық, көктемнің жарығы мен қуанышын әкелсін. Әр жанұяға жақсылық тілеймін, әумин», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
