Н. Әлімқұлов атындағы орта мектеп базасында математика пәні мұғалімдері арасында дәстүрлі «Нұрбатыр Орынбаев» олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған білім сайысы педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуына және пәндік білімдерін тереңдетуге бағытталды. Олимпиада барысында қатысушылар күрделі есептерді шешіп, логикалық ойлау қабілеттері мен әдістемелік біліктіліктерін көрсетті.
Биылғы додаға жалпы саны 40 педагог қатысуға өтінім беріп, өзара бақ сынасты. Қатысушылар арасында бәсекелестік жоғары деңгейде өтіп, әр ұстаз өз білімін жан-жақты дәлелдеуге тырысты.
Білім мен біліктілік сыналған байқау қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 2 қатысушы жеңімпаз атанып, алдағы уақытта өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.
Аталған олимпиада педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, білім сапасын арттыруға және ұстаз мәртебесін көтеруге өз үлесін қосуда.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
