Талғар ауданының тұрғындары ҚР ақпарат және қоғамдық даму министріне толғандырып жүрген мәселелері туралы айтты
Бүгін Талғар ауданына ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұмыс сапарымен келді. Ол аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесті. 3 сағат көлемінде өткен жиында тұрғындардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.
Кездесу барысында Асқар Омаров министрліктің жұмысы туралы қысқаша баяндама жасады.
Оның айтуынша, ҮЕҰ, еріктілер қозғалысы және БАҚ-ты дамытуға басым назар аударылуда.
Бүгінде жастармен жұмысқа үлкен көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда сіздердің аймақтарыңызда 49 мың жас ұрпақ бар.
Олар үшін біздің тараптан бар жағдай жасалуда. Мәселен, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Jas project» және тағы басқа бағдарламалар жүзеге асуда. Өткен жылы бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерге 30 грант бөлінді, оның екі қатысушысы Алматы облысынан болды. Жамбыл ауданынының тұрғыны биомеханикалық протез дайындау үшін грант ұтып алды,сондай-ақ жиһазды қалпына келтіретін цех үшін қаржы бөлінді»,- деп атам өтті Асқар Омаров.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров баяндамасын аяқтаған соң, аудан халқымен ашық диалог жүргізді.
Талғар ауданының тұрғындары қордаланған мәселелерді көтеріп, толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Аудан жұртшылығы жастардың жұмыссыздығы, ауылдағы ҮЕҰ-ның мәселелеріне қатысты бірталай сұрақтарын жолдады.
Кездесуге келушілердің ішінде ауыл жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға қатысты идеяларын ортаға салды.
Министр өз кезегінде сұрақтардың барлығына тұшымды жауап беріп, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берді. Кездесуге берілген уақыттың шектеулі болуына қарамастан Асқар Омаров әрбір тұрғынның сөзіне құлақ асты.
Дәл осы күні министр азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Сонымен қатар Асқар Омаров Талғар қаласындағы саябаққа барып, жастармен кездесті. Сондай-ақ, орталық базарда министр мырзаның назарынан тыс қалмады.