2025 жылғы 15 мамырдан Халықаралық Отбасы күнінде (International Day of Families) адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының аудандық, қалалық деңгейде басталатынын хабарлаймыз. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 15 маусымға дейін. Барлық мәліметті жергілікті қала, ауылдық округ әкімдіктерінен немесе «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінен білуге болады.
☎️ Байланыс телефондары: 29914, +7 701 583 60 33, Бұрым Орынбасар.