Менингит-ми жұлын қабықшасының қабынуы. Инфекция көзі-науқас адамдар мен вирус тасымалдаушылар. Менингит 90%-ға дейінгі балаларда байқалады. Менингит дербес ауру ретінде немесе басқа процестің асқынуы ретінде пайда болады. Емдеуді кеш бастаған кезде саңырау болып қалу, қояншық, гидроцефалия, паралич, өкпенің ісінуі және балалардың ақыл-ойының дамымай қалу проблемалары сияқты асқынулар туындауы мүмкін.
Инфекцияның берілу жолдары: 1. Ауа-тамшылы жолымен сырқаттанған адаммен немесе вирус тасымалдаушымен қарым-қатынаста болған кезде. 2.Тұрмыстық-байланыс жолымен күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар арқылы, ыдыс-аяқ, ойыншықтар арқылы. 3.Тағам арқылы тамаққа жуылмаған қөкөністер, жемістер, жидектерді қолданғанда. 4.Су арқылы, ашық су қоймаларында немесе бассейндерде шомылу кезінде. Белгілері: Дене қызуының күрт 38-40 градусқа дейін көтерілуі; Жалпы әлсіздік, құсу, сұйық нәжіс; Қатты бас ауруы, суық тию, жөтел, тамақтың қабынуы; Кейде-бөртпе (теріде немесе ауыздың шырышты қабатында көпіршікті қызыл бөртпелердің болуы); теріде, ауыздың шырышты қабатында қызыл көпіршік бөртпелер; Іш пен бұлшық еттердің ауруы, әсіресе, мойын бұлшықеттердің ауруы. Бала басын көтере алмайды немесе басын түсіре алмайды; Жарыққа қарай алмау, құрысу, мазалану; Ұйқының нашарлауы, сананың шатасуы, емшектегі баланың еңбегі ісінуі мүмкін.
Салдары: интеллектің төмендеуі; Есту қабілетінің және көрудің төмендеуі; Паралич; Гидроцефалия; Өкпенің ісінуі; Қайтыс болу (10% жағдайда).
Қалай қорғану керек: Иммунитетті нығайту(шынығу, физикалық жүктемелер, серуендеу); Ішу үшін суды қайнату; Көкөністерді, жеміс-жидектерді таза сумен мұқият жуу, әсіресе, балаларға тамақ берер алдында оларды қайнаған сумен жуған жөн, 56О С вирус өледі. Жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, баланың далада аузына ештеңені салмауын қадағалау. Энтеровирус ауруының белгілері пайда болған адамдармен қарым-қатынаста болмау; Егер дәрігер менингиттің өршуі туралы айтқан болса, бала-бақшаға жібермеу, адамдар көп жиналған жерге бармау; Тыйым салынған жерлерде шомылмау керек.
Маңызды: менингитпен ауырған адамның иммунитеті қалыптасады, бірақ, ол вирустың нақты бір түріне қарсы бағытталған. Ал, вирустардың жүзден аса түрлері бар.
А. ШТАБАЕВА,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.