Саясаттанушы Андрей Чеботарев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға келгендердің үлкен қызығушылығын атап өтті.
«Мен Алматыда дауыс берген сайлау учаскесін және жақын маңдағы учаскелерді бақылай отырып, сайлаушылардың белсенділігін көріп отырмын, әр түрлі жастағы адамдар келді, дауыс берді. Халықаралық және кандидаттардан да, саяси партиялардан да байқаушылардың қатысуын көрдім, барлығы жеткілікті сындарлы, бұзушылықтарды көрген жоқпын», – деді Андрей Чеботарев.
«Менің ойымша, қазір, атап айтқанда, Алматыда бір мандатты округтер бойынша үміткерлер үлкен рөл атқарады. Олар өз сайлаушыларын жұмылдырды. Партияларға дауыс берген 2021 жылғы сайлауды еске түсіре отырсам, менің ойымша, ол кезде сайлаушылардың белсенділігі әлдеқайда аз болды. Мен қазір ынта-жігерді көріп отырмын, өйткені кандидаттар бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсе алады және нақты кандидатқа дауыс беру мүмкіндігі бар», – деп атап өтті Чеботарев.