2026 жылдың 7 сәуірінде Бірінші май ауылдық округі, Қапал батыр атындағы орта мектептің оқушыларымен «Мемлекеттік тіл — этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Мемлекеттік тіл және қоғамдық келісім» тақырыбында кездесу өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін түсіндіру, оның этносаралық қатынастарды нығайтудағы маңызын насихаттау, оқушылардың қазақ тіліне деген құрметін арттыру және қоғамдық келісім мен бірлікті дәріптеу. Кездесу барысында оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесі, оның қоғамдағы бірлікті сақтаудағы орны туралы кеңінен ақпарат берілді. Жобаның маңыздылығына тоқталып, тілдің қоғамдағы біріктіруші күш екендігі нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, тіл, мәдениет және достық тақырыптарында ой-пікірлер айтылды. Нәтижесінде оқушылар мемлекеттік тілдің маңызын тереңірек түсініп, оның қоғамдық келісімдегі рөлін ұғынды, қазақ тіліне деген қызығушылығы мен құрметі артты. Шара жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, достық пен өзара сыйластықты нығайтуға оң әсер етті, сондай-ақ тіл мәдениетін сақтауға және дамытуға деген жауапкершілікті арттырды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
