Конституцияның жаңа жобасында мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты енгізіліп отырған өзгерістерді орынды әрі өзекті деп санаймын. Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғалардың мемлекеттік қызметке сайлануына тыйым салынуы — қоғамда әділдік пен сенімді нығайтатын маңызды қадам. Бұл норма билікке адал, таза әрі жауапты азаматтардың келуіне жол ашып, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар Президент болуға үміткерге қойылатын талаптардың күшейтілуі де — басқару сапасын арттыруға бағытталған шешім. Кемінде бес жыл мемлекеттік қызмет тәжірибесінің талап етілуі ел тізгінін ұстайтын тұлғаның мемлекеттік жүйені, оның жауапкершілігі мен күрделілігін терең түсінуін қамтамасыз етеді. Бұл — саяси популизмге емес, кәсібилікке негізделген басқаруға қадам.
Жаңа жобада Халық кеңесінің енгізілуі азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл орган халықтың нақты мүддесін білдіріп, Құрылтайда өзекті мәселелер бойынша бастамалар көтере алады. Яғни қоғам мен билік арасындағы диалогтың жаңа тетігі қалыптасады.
Қорытындылай келе, аталған өзгерістер мемлекеттік басқарудағы ашықтықты, жауапкершілікті және халықтың қатысуын арттыруға бағытталған. Бұл реформалар елдің демократиялық дамуын нығайтып, билікке деген қоғамдық сенімді күшейтеді деп есептеймін.
Жанәділ Орынбай,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
