Жаңа Конституция жобасында қос азаматтыққа қатысты норманың нақты бекітілуі — мемлекеттің егемендігін нығайтуға бағытталған орынды әрі уақтылы шешім деп санаймын. Азаматтың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан азаматтығының тоқтатылуына әкелетіні туралы талап әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін айқындай түседі.
Бұл ереже, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүддені қорғауға қызмет етеді. Себебі екі елдің азаматы болу кей жағдайда құқықтық және саяси қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Ал азаматтықтың біртұтас болуы — мемлекет пен азамат арасындағы сенімді қарым-қатынастың негізі.
Сонымен қатар, аталған норма азаматтарды саналы таңдау жасауға жетелейді. Қазақстан азаматтығы тек құқықтар жиынтығы ғана емес, сонымен бірге Отан алдындағы міндет пен адалдықтың көрінісі екенін еске салады деп ойлаймын.
Батимаш Рузибаева,
Қарасай ауданының жас белсендісі.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
