Егемендік пен аумақтық тұтастықты өзгермейтін құндылық ретінде бекіту — мемлекеттің болашағына берілген нақты кепіл деп ойлаймын. Бұл елдің дербестігі мен бірлігін сақтауды басты орынға қоятынын көрсетеді. Жаңа Ата Заң жобасында осы іргелі қағидалардың нақты көрсетілуі құқықтық жүйенің тұрақтылығын күшейтеді және қоғамға сенім береді. Әсіресе жастар үшін бұл — тәуелсіздіктің жай ұғым емес, қорғалатын және сақталатын ортақ құндылық екенін түсінуге мүмкіндік. Сондықтан мұндай нормалардың бекітілуін дұрыс әрі стратегиялық маңызды шешім деп бағалаймын.
Ясми Мчедлидзе,
Қарасай аудандық Ассамблея жастарының төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
