Конституцияның бірінші және екінші баптарында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бірінші бөлімнің атауы «Жалпы ережелер» деп аталса, енді ол «Конституциялық құрылымның негіздері» болып өзгерді. Сонымен бірге, бірінші баптан қызмет қағидаттары туралы тармақ алынып тасталды, ал екінші баптан Астанадағы қаржы саласындағы ерекше құқықтық режимге қатысты норма жойылды. Дегенмен, Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару формасының өзгермейтіні туралы норма сақталып, Конституцияның негізгі іргетасы берік қалпында қалды. Бұл өзгерістер мемлекет құрылымын айқындап, егемендік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуға бағытталған деп бағалауға болады.
Ләззат Ілияс,
белсенді жас.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
