Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталып, Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Алдыңғы кезекте Президент Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығына тоқталып, еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс екендігін атап айтты. Нақтырақ айтқанда, ол еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне барынша қолдау керектігін жеткізді. Әсіресе, Жолдаудағы Мемлекет басшысының «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз деген ұстанымы өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, ол ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді деген сенімдемін.
ҚР Президентінің атап өтуінше, әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға кәсіпкерлік ашуға өндіріс орындарында еш кедергісіз жұмыс істеуіне мейілінше мүмкіндік жасайды. Ол үшін Президент жанынан омбудсмен тағайындалады. Бұл қадам шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға жол ашпақ.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Жолдауында Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға арналған тапсырма екі жылдан бері орындалмай жатқандықтан, бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек екендігін басымдылық беріп айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы біз сынды кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі дамып, жандануына ықпал етеді деген ойдамын. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайтынын тілге тиек еткен Президент оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн санады. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізілетін болды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында, мемлекеттік институттарды дамыту үшін нақты бағыттарды айқындап берді. Бұл өз кезегінде, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз. Осы орайда, бағдарламалардың нәтижелері жастарға, әсіресе жұмыссыз жастарымызға қолдау көрсетіліп, олардың өздерін экономиканың бір бөлігі ретінде сезінулеріне мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Жолдауда айқындалған бағыттарды жүзеге асыру үшін, Үкіметке алда талай істер күтіп тұрғанын сезінген жөн. Осыған байланысты халықпен диалог орната отырып, проблемаларды бірлесіп шешу, нақты нәтижелерге қол жеткізетініне деген ойдамын.
Айгүл Құнанбаева,
«Eurasion Green Product» ЖШС-нің директоры, Қарасай аудандық мәслихаттың депутаты.