Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев жыл қорытындысы ретінде «Егемен Қазақстан» газетіне ауқымды сұхбат берген еді. Онда Президентіміз еліміздегі саяси өзгерістер жайлы ғана емес, сондай-ақ кейінгі кездері ушығып, қоғам арасында алаңдатушылық тудырып жатқан бірқатар мәселе жайлы да айтып өтті.
Әсіресе, жылдан жылға көбейіп келе жатқан отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайының одан әрі төмендеуінін салдарынан қарызға белшеден батуы, жұмыссыздық, оның ішінде тәжірибесі жоқ жастардың өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алмауы, көптеген отбасында қаражат жетіспеушілігі орын алса да елдегі қымбатшылықтың басылмауы секілді мәселелерді көтерді. Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін де ауқымды жұмыстар атқарылды, дегенмен толық шешімі табылмады. Жалпы Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбат барысында бұл мәселелерді көтеру оның елдігі жағдайды білетіндігін және де әлі де оларға аса мән беріп отырғандығын көрсетеді.
Қазақстан азаматшасы және де көп баланың анасы ретінде Президенттің осы мәселелерге ден қойып, оны шешу жолында жаңа бастамалар қолға алып отырғандығы мені қуантады. Себебі еліміздің өркендеуі, балаларымыздың қауіпсіз ортада өмір сүрулері үшін жоғарыда айтылған мәселелердің шешілуі аса маңызды. Әрине, қоғам белсендісі ретінде менде осы бағытта қолымнан келгеніше өз үлесімді де қосуға тырысамын, сондай-ақ қазақ халқында елімізде орын алып жатқан жағдайларға бей-жай қарамай, оларды шешу жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын.
Еліміздегі мәселе ол бәрімізге ортақ екенін ұмытпағанымыз жөн.
Мадина Саутбекова,
Қарасай ауданындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры,
қоғам белсендісі,