Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Қарасай аудандық орталық ауруханасы 1 қазан –Қарттар күніне орай, іс-шара өткізді. Оның аясында емханада «Қарттарым – қазыналарым!» атты ашық есік акциясында кардиолог, эндокринолог, онколог, маммолог, терапевт,психолог мамандар 65 жастан асқан кісілерге кезектен тыс медициналық кеңес берді. Аймақтық дәрігерлер ҰОС ардагерлеріне үй жағдайында медициналық көмек көрсетті. Олардың қан қысымын өлшеп, әлеуметттік маңызы бар ауруларды ерте анықтау мақсатында қарап, тексеру жүргізді.
Аурухана кәсіподақ ұйымы 20 ардагер дәрігерді мәжіліс залында бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын беріп, құрмет көрсетті. Шақырылған ардагерлер кейінгі буынға және аудандық аурухананың бас дәрігері Е.Сарсенбаевқа алғыстарын білдірді.
Іс-шарада барлығы 45 қарт кісі қамтылды.
Д. ТАЖДИНОВА,
дәрігер-валеолог.