Өткен жылдың соңғы айында облыс орталығы – Қонаев қаласында «Оқыту орталықтарының жұмысын жүйелендіру» атты облыстық жиын өтті. Бұл басқосудың басты мақсаты – өңірдегі тіл оқыту орталықтарының жұмысын саралау, тәжірибе алмасу және үздік нәтижелерді анықтау.
Аталған шара барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қосқан үлесі мен оқу-әдістемелік жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырған жандардың жұмыстары сарапқа салынса, «Оқыту орталықтарының жұмысын жүйелендіру» облыстық байқауының нәтижелері бойынша филиалдар арасында ынталандыру сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар «Үздік меңгеруші» номинациясы бойынша әр аудандағы филиал басшыларының еңбектері зерделеніп, соның ішінде үш меңгерушінің жұмысы жоғары бағаланды.
Бұл үздіктердің біріне Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі Жанар Оразалиева лайық деп табылды. Ал белсенді тыңдаушы ретінде Қарасай ауданының қандастар тобының өкілі Әсейін Болат Алғыс хатқа ие болды.
Қарасайлық жерлестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, жетістіктеріңіз арта берсін!
Өз тілшіміз.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
