10 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ, «Жаратылыстану және гумани-тарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Аманғали Мұхтаровтың ұйымдастыруымен, облыстағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Махамбет шығармаларында қолданылған көркемдік тілдік құралдарды оқыту мәселесі» тақырыбында вебинар өткізілді.
«ZOOM» платформасында өткен вебинар жұмысына Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, ой-пікірлерін бөлісті. Мұғалімдер көңілде жүрген біраз сұрақтарының жауабын тапқандай болды.
Жұмыс барысында лирикалық шығарма-ларды талдауда қандай мәселеге көңіл аудару керектігі нақты мысалдар арқылы талданып көрсетілді. Мұғалімдер рухы өр, қайсар ұрпақ тәрбиелейміз десек, Махамбет шығармаларын оқытып қана қоймай, оны жан-жақты талдап түсіндіріп, балалардың бойына батырдың рухын сіңіруіміз керек, сонда ғана ел үшін, жер үшін жан аямай күресе алатын ұрпақ тәрбиелей аламыз деген қорытындыға келді.
Зарина АБДИЛЬДАЕВА,
Б.Тамабаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Махамбет шығармаларында қолданылған көркемдік тілдік құралдарды оқыту мәселесі»
Главная » Новости » Образование » «Махамбет шығармаларында қолданылған көркемдік тілдік құралдарды оқыту мәселесі»