Қарасай ауданының «Көкөзек жайлы мектеп» базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық “Мағжан оқулары” байқауы өтті.
Аталған байқау жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар Мағжан Жұмабаев шығармаларын мәнерлеп оқып, ақын мұрасын терең түсінетіндіктерін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» бағыты бойынша «Абай ауылындағы №2 орта мектебі» КММ-нің 11 “А” сынып оқушысы Тұрсынбай Жұлдыз жүлделі II орынды иеленді. Жетекшісі – Казыкбаева Гульнара.
Ал «Бәрінен де сен сұлу» бағыты бойынша Көкөзек ауылындағы жайлы мектептің оқушысы Қадис Аяулым III орынға ие болды. Жетекшісі – Зулпухарова Айгуль.
Сондай-ақ «Ақында бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша «Жамбыл атындағы орта мектеп» КММ-нің 9-сынып оқушысы Кенжешова Нұрай III орынды иеленді. Жетекшісі – Скакова Рыскүл.
Аталған жетістіктер – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, ұстаздарының сапалы тәлім-тәрбиесінің нәтижесі. Байқау жас дарындардың шығармашылық әлеуетін арттырып, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
