Әлемде орын алған пандемия салдарынан қазіргі таңда еліміз бойынша сырқаттардың саны артып, олардың денсаулықтары тұрақсыз күйге айналып келеді. Төтенше жағдайдың аяқталып, әр өңірдегі карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіліп жатқаны бұл індеттің белең алуына мүмкіндік туғызып жатқандай. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптаның басында өткізген кеңес отырысында ашып айтты.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы арқылы елдегі эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру енді басқаша тәртіппен жүзеге асатын болады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі таңда елдің наразылығын тудырған дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін де басты назарға алып, тұрғындардың қалыпты жағдайда емделуі маңызды екенін айтты. Бұл мәселені ретке келтіру үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне тиісті міндеттерді де жүктеді. Әрине, мұндай жұмыстар дер кезінде іске асырылғаны халық үшін өте пайдалы деп ойлаймын.
Әрбіріміз өз ден- саулығымызға жауаптымыз. Осыны ұмытпағанымыз жөн. Санитарлық режим-ді бұзбай, оны қатаң қадағаласақ, бұл індеттен де арылатынымызға сенімдіміз.
Ғалия БАЙҒАРАЕВА,
Жамбыл ауылының тұрғыны, дүкен иесі.