Жуырда, Жібек жолы ауылдық округіне қарасты, Анаркүл Болымбекова басқа-ратын Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебінің ұжымы үшін үлкен қуанышты оқиға болды. Атап айтқанда, осы білім ұясына хал-қымыздың мақтан етер тұғыры биік тұлғасы, туған еліне ерекше еңбегі сіңген, алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.
Осыған орай мектепте қазіргі жағдайға байланысты аз ғана адам қатысқан салтанат өткізіліп, онда лентаны округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Базаркелді Анисов қиды. Ал, 90 жастағы қария Жамалбек Жақсылықов ақ батасын беріп, мұғалімдер мен оқушыларға жақсы білім мен тәрбие, амандық-саулық тіледі.
Б. ЕЛЕУСІЗ.