«Biz birgemiz» атты қайырымдылық акциясы аясында ауданымыздағы тұрмысы төмен және көп балалы 100 отбасыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер себеттері берілді.
Елімізде төтен-ше жағдай жарияланғалы бері ауданымызда әртүрлі акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар ауданда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде. Қасиетті Рамазан айындағы осындай бір игілікті істен «Kusto GROUP» пен «COMPAS expressMarket+АЗС» компаниялары да шет қалған жоқ.
Осы аптада Елбасының бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» республикалық акциясы аясында аталмыш компания 10 округ пен қалалық әкімдіктің, аудандық «Nur Otan» партиясының өкілдері мен еріктілер арқылы ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, көп балалы және тұрмысы төмен мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.
Аталмыш азық-түлік себеттері бір аптаның ішінде әр отбасылардың үйлеріне жеткізілді.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.